Көктемнің алғашқы гүлдері, мұздай жерден өзінің табандылығымен қардың беткі қабатын жарып бой көтеретін гүлдер көктемнің алғашқы хабаршысы ретінде жылы күндердің келуімен бізге үміт сыйлайтын гүлдер.

 

Ол гүлдердің барлығы көпжылдық өсімдіктер. Бұл гүлдердің жергілікті өсетін жерлеріне қарай олардың түрлері де, түстері де әртүрлі болады. Бұл гүлдер қатарына: бәйшешек, бозғалдақ, жауқазын, таушымылдық, көктемгі жанаргүл, құртқашаш гүлдер қатары жатады. Олардың кейбірі қызыл кітапқа да енгізілген. Сондықтан оларды жұлуға болмайды. Алғаш бәйшешек гүлдерінің түстерінің әр түрлі болып келуі жергілікті жердің топырақтарына байланысты болады. Мысалы, көктемде барлық өңірде қар астынан шығатын ең алғашқы гүлді "бәйшешек" деп атайды. Ал бір бәйшешектің анемон, шафран сияқты әрқайсысының жеке өз атаулары бар. Бірақ шынайы бәйшешек Galanthus болып табылады. Мұндай бәйшешек гүлдерінің түрлері еліміздің Батысында, Шығысында, Солтүстігінде де бар. Әр елде бұл гүлдерге әртүрлі атаулар берілген. Бірақ барлығыда қардың астынан жарып шығатын көктемнің алғашқы гүлдері. Бәйшешектің гүлдеуі кейбір елдерде жылда 19 сәуір күні арнайы мереке ретінде аталып өтіледі. Гүлдердің фенологиялық кезеңі бойынша осы күні қар астындағы бәйшешектер жер бетіне жаппай шығып үлгереді.

 

фото авторлары-Красон.Е,инспекторлар құрамы

 

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің басшысы-Алемсейтова Жанылкан