ТУРИСТІК СОҚПАҚТЫҢ

ПАСПОРТЫ.

  1. 1. ЕҚТА атауы: «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  2. Маршруттың атауы: № 2 туристік соқпақ – «Қусақ».
  3. Маршруттың жіктемесі.

1) қозғалыс жасау түрі бойынша: аралас (автокөлікпен, жаяу).

2) қолданыс уақыты бойынша: маусымдық

  3) ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық және жеке.

  1. Негізгі географиялық пунктер атауы: Үржар ауылы, Көкөзек ауылы, су бөгеті, «Горлачев» саңылағы және «Көгершін» саңылағы, Құсақ шатқалы, "Алма жүрек" шатқалы, "Маралды" шатқалы, омарта, Сарқырама.
  2. Ұзындығы 84 км оның ішінде: автокөлікпен жүріп өту-80 км, жаяу-4 км, ұзақтығы 7, 10 сағат аялдамаларды есепке ала отырып.
  3. Маршруттың жұмыс істеу мерзімі. Маусым айының ортасынан қазан айына дейін.
  4. Топтағы адамдардың жоғары саны: 10 – 15 адам. Бір аптаға 1 – ден 2 топқа дейін.
  5. Экскурсия маусымында әр түрлі кезеңдер бойынша рұқсат етілетін рекреациялық жүктемелер: туристік және рекреациялық аймақта маусымдық қолданыс кезінде өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне кедергі келтірмей, айына 20-50 адамнан, сонда маусым бойы 200 адамға дейін жүріп өтуге жол беріледі.
  6. Маршрутта экскурция жетекшісінсіз жүріп өту мүмкіндігі: Соқпақта туристік серуен кезінде нормалар мен ережелер қатаң сақталуы керек. Көктем мезгілінде жауын-шашында, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі маусымы кезінде бұл соқпақпен жүруге тыйым салынуы мүмкін.

Қажетті киімдер мен құрал-жабдықтар: Жылы киім, таулы аймаққа арналған аяқ киім, бас киім міндетті. Құралдардан: таяқ, арқан, бәкі секілді т.б. заттар алып жүру ұсынылады.

  1. Маршрутта өзін ұстаудың басты қағидалары:

-Маршрутпен жүру кезінде аң аулауға, балық ұстауға, ұяларды, індерді, құмырсқалардың илеуін бұзуға;

- Объектілерге өз бетінше белгілер қойып, жазулар жазуға;

-Арнайы рұқсатсыз соқпақтар бойынан табиғи ескерткіштер, әдемі тастар табылған археологиялық және т.б заттар алып кетуге;

-Арнайы орыннан басқа жерлерге автотұрақ ұйымдастыруға, шатырлы үйлер тігуге, от жағуға, сондай-ақ өзендер мен көлдерге шомылуға;

-Өз бетінше әдемі және дәрілік шөптер жинауға тыйым салынады.

  1. Қауіпсіздік шаралары:

Маршрутта қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет.

жүргіншілердің ара қашықтығы 1,5 – 2 метр болуы керек:

алдында кетіп бара жатқан адамды итермеу:

тік жардың шетінде тұрмау:

тау өзендерін арнайы белгіленбеген немесе өткелі жоқ жерлерден кесіп өтпеу;

  1. Соқпақпен жүріп өту жоспары.

Маршрут учаскелері

Ұзақтығы,

км

Қозғалыс

уақыты,

мин.

Аялдау уақыты,

мин.

Тамашалау алаңдары, суретке түсіру алаңдары

Бастап

Дейін

1

Үржар ауылы

Көкөзек ауылы

36

1

20

-

2

Көкөзек ауылы

Су бөгеті

5

20

0,5

1

3

Су бөгеті

«Горлачев» саңылауы және «Көгершін» саңылауы

2

15

0,5

1

4

«Горлачев» саңылауы және «Көгершін» саңылауы

 

 «Қусақ»

шатқалы

5

20

20

1

5

«Қусақ»

шатқалы

«Алма жүрек»

шатқалы

25

60

0,5

1

6

«Алма жүрек»

шатқалы

 «Маралды»

шатқалы

5

20

0,5

1

7

«Маралды»

шатқалы

Омарта

5

15

0,5

1

8

Омарта

Сарқырама

1

15

15

1

 

Барлығы:

 

84

225 мин

(3 ч, 45 мин)

205 мин

(3 ч, 25 мин)

7

 

  1. Маршрут сызбасы қосымшада тігіледі.

Соқпақтың сызбасы баспаханадан жабытырылып шығарылған, карта сызбасы 1:200000кем емес болуы тиіс.

 

  1. Соқпақ бойының шартты белгілері (маршрута):

шатыр қоятын орын

аншлагтар

жол сілтеуіш

ақпараттық қалқандар

кордон

көру алаңқайлары

шақырымдық діңгектер

қалқалар

автөкөліктік және жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер

жалаушалар

БӨТ

  1. Маршруттың қысқаша сипаттамасы.
  2. Үржар ауылынан 36 шақырым жерде Көкөзек ауылы (бұрынғы Ириновка) орналасқан. Бұл жер керемет жер, ертеде көшпелі қазақтардың көктемгі-күзгі жайлауына қолайлы болған.
  3. Ауылдан 5 шақырым жерде су бөгеті мен 50 ВТ электр қуатын өндіретін су электр станциясы орналасқан.
  4. Су бөгетінен 2 шақырым жерде «Горлачевтің» саңылағы және «Көгершін» саңылағы бар. онда алма ағашының арғы атасы, атап айтқанда "Сиверс"алмасы өседі.
  5. Саңылағтардан 5 шақырым жерде «Қусақ» сайы кездеседі. Болашақта осы жерге ат қорасының құрылысы жоспарлануда. Туризмнің атпен саяхаттау түрін дамытуға қолайлы.
  6. "Қусақ" шатқалынан 25 шақырым жерде "Алма жүрек" шатқалы орналасқан. Бұл жер демалу орыны үшін, шатырлы лагерлер орнатуға және форель шаруашылығына қолайлы.
  7. "Алма жүрек"шатқалынан 5 км жерде "Маралды" шатқалы орналасқан. Келушілерді таң қалдыратын орын төбеде орналасқан. Бұл жердің табиғаты өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің әр түрлілігімен ерекшеленеді. Бұл аумақта арқарлар мен суырлар көптеп кездеседі осыған байланысты жануарлар әлемін көріп бақылау үшін арнайы құрылғылар орнатылу жоспарлануда.
  8. «Маралды» шатқалынан 5 шақырым жерде омарта шаруашылығы бар. бұл жердің табиғат көрінісі көз тартатындықтан демалыс үйлерін салуға қолайлы.
  9. Омартадан 1 шақырым жерде сарқырама орналасқан. Бұл маршруттың соңғы нүктесі.

16 Көріп-тамашалау алаңдарынан маршрут бойындағы көрінетін объектілердің қысқаша сипаттамасы.

Дала өзендері, жер астынан шыққан және қайта сіңіп жатқан бұлақтар, сарқырамалар, кеуіп кеткен арналар кездеседі. Табиғи үрдістерге байланысты эрозиялық өзгерістер байқалады. Бұл жерде флораның әр алуандығы көрініп тұр. Олар: бұталар, аласа талдар, т.б. Жердің барлық аумағы бойынша суырдың қазылған індері көп. Жануарлардан ең жиі кездесетіні - суыр, сондай-ақ қоян, түлкі, арқар, аю,т.б. Ал құстардан: шіл, көк құтан, үйрек, бүркіт, және т.б. кездестіруге болады.

  1. 17. Соқпақтың (маршруттың) күрделі учаскілерінің қысқаша сипаттамасы.

Көлбеулігі 35 градустан асатын беткейлермен жүргенде, тік еңістер мен тік биіктікке көтерілу кезінде, соқпақтың қаптал және қорымды тұстарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет. Әсіресе, салт атпен жүру кезінде ерден мықтап ұстап отыру керек. Маршрут бойымен жүру кезінде ағыны қатты тау өзендері кездеседі. Олардан өту кезінде тек қана арнайы белгіленген өткелдер мен көпірлер арқылы өту керек екендігін қатаң ескертіледі.