1- сәуір «Халықаралық Құстар күні» мерекесіне орай «Парктер шеруі-2021» акциясы


Әлемді гүлдермен көріктендіру


Қоқыссыз әлем Парктер шеруі 2021 акциясы аясында сенбілік


Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу акциясы


Қалдықсыз экология


ЭКО-кәдесый


Парктер шеруінің қорытындысы


 


Аты Жүктеу
  Парктер шеруі ережесі
  Қатысуға өтінім нысаны м.о.2021

 

Үржар ауданында наурыз айының 25 -нен  мамыр айының 20-на дейін жалғасатын

«Парктер шеруі-2021» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы өтеді.

❗️ Ескерту: ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 11.03.2021 жылғы шығыс № 27-1-39/394-И бұйрығына сәйкес, коронавирус індеті қаупінің сақталып отырған үрдісін ескеріп, «Парктер шеруі – 2021» табиғат қорғау акциясы мен оның шеңберіндегі іс-шаралар өңірдегі ахуалға байланысты Онлайн-режимде өткізілетін болды.

«Тарбағатай» ұлттық табиғи паркі «Таза болса табиғат, аман болар адамзат!» атты ұранмен акция өткізеді және 4 байқау жариялайды:

  1. «Құстарға бірге көмектесейік!»
  2. «Қалдықсыз экология»
  3. «Гүлдер күні. Әлемді гүлдермен көріктендіру»
  4. «Туристерге арналған эко-кәдесый»

«Парктер шеруі» акциясы аясында өткізілетін іс-шаралар:

«Қоқыссыз әлем» атты сенбілік өткізу;

«Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу» акциясы;

«Құстар санағы» акциясы карантиндік шектеу шараларын сақтай отырып оқушылармен санақ жүргізу;

«Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ балапан тобына дәріс өткізу;

Аудан тұрғындарына экологиялық білімді дәріптеу жұмыстарын жүргізу.

Барлық жұмыстар ұлттық парк кеңсесіне әр байқауда көрсетілген уақытқа дейін ұсынылу керек.

Қосымша ақпаратты бізге хабарласып білуге болады.