«ТАРБАҒАТАЙ»  МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ» РММ АУМАҒЫНДА БОЛУ ЕРЕЖЕСІ


       Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі  табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар,  биологиялық және ландшафтық алуантүрлілікті сақтауға арналған,   табиғат қорғау, экологиялық-ағарту, ғылым, туристік және рекреациялық мақсаттарда, бірегей табиғи кешендерді және мемлекеттік табиғи-қорық қорын сақтауға арналған, ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар ерекше қорғалатын

табиғи аумақ.

Құрметті достар!


         Сіздер табиғат әлеміне келдіңіздер. Біз Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз және Сіздерге үлкенді-кішілі жаңа бастамалар тілейміз! Табиғатпен тілдесуіңіз  Сіздің де табиғаттың да көңіл күйін түсірмесін. Ал бұл үшін, кейбір ережелерді ескеруіңізді өтінеміз. Бұл ережелер табиғаттың әсемдігін сақтайды,  ал Сізге деніңіз сау әрі бақытты болуыңызға әсерін тигізеді.


Тарбағатай ұлттық паркі аумағында төмендегілерге жол берілмейді:

 

  1. ЕҚТА пайдаланғаны үшін төлемді растайтын құжатсыз  ерекше қорғалатын табиғи аумақта болуға;
  2. Арнайы экскурсиялық соқпақтар мен туристік маршруттар немесе жалпыға ортақ жолдардан тыс жүруге;
  3. Автокөліктің және басқа да механикалық құралдардың белгіленген жерлерден тыс тұрақтауына;
  4. Су қоймаларының жағалауларында автокөліктің және басқа да механикалық құралдардың тұрақтауы, ыдыс жуу, кір жуу, үй жануарларын шомылдыруға;
  5. Арнайы белгіленген және жабдықталған орындардан тыс жерде от жағуға, тамақ дайындауға, мангал және ошақ  орнатуға;
  6. Белгіленген орындардан тыс жерлерде тұрақтауға, шатыр орнатуға;
  7. ҚР заңнамасымен тиым салынған қару және басқа да заттарды қолдануға және бекітілген балық аулау нормаларынан асуға;
  8. Жабайы жануарларды үркітуге және тамақтандыруға;
  9. Ұяларды,құмырсқа илеулерін, індерді, апандарды бұзуға;
  10. Ағаштар мен бұталарды шабуға, сындыруға, бүлдіруге және тұрмыстық қажеттіліктер үшін сыпыртқы, бейнек дайындауға;
  11. Табиғи, мәдени және археологиялық ескерткіштерді қиратуға және бүлдіруге;
  12. Жабайы өсетін ағаш, бұта, шөп өсімдіктерін және дәрі-дәрмектік шикізаттарды арнайы рұқсат етілген орындардан тыс жерлерде жинауға және қазуға;
  13. Арнайы рұқсат етілген орындардан тыс жерлерде жабайы жемістер, саңырауқұлақтар және жидектер жинауға;
  14. Көрнекілік үгіт құралдарын (стенділерді, панноларды, аншлагтарды және басқаларын), орман орналастыру, орман шаруашылығы және жерге орналастыру белгілерін сындыруға және бүлдіруге;
  15. Ағаштарға, тастар мен жартастарға  жазулар жазуға және суреттер салуға;
  16. Өз бетінше мал жаюға, шөп шабуға, сүрек дайындауға және өзге де заңсыз орман пайдалануға;
  17. Топырақ жамылғысын тұрмыстық қоқыстармен және қалдықтармен ластауға;
  18. Шу және өзге де жасанды акустикалық әсерлерді ҚР заңнамасында белгіленген нормадан асыра қолдануға және қоршаған ортаға әсерін тигізуге;
  19. Мемлекеттік табиғи-қорық қоры мен табиғи кешендердің табиғи дамуы мен сақталуын бұзатын өзге де іс-әрекеттерге.
  20. Мазалау факторын болдырмау мақсатында Тарбағатай ұлттық паркінің әкімшілігі жабайы жануарлар мен балықтардың көбейуі және қоныс аударуы кезеңінде олардың шоғырлану орындарына баруға.

 

Назар аударыңыз!!!


Ұлттық парк аумағында болуға негіз болып келушінің ЕҚТА пайдаланғаны үшін төлемді растайтын құжат болып табылады.
ЕҚТА пайдаланғаны үшін төлемді растайтын құжат келушінің МҰТП аумағында болған күндерінің соңына дейін сақталуы тиіс.