❇️ Жыл сайын наурыз-мамыр айларында бүкіл әлемде ұлттық табиғи парктерді, қорықтар мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қолдау және сақтау идеясының айналасындағы адамдарды біріктіруге арналған халықаралық қоғамдық акция – «Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясы өткізіледі.

 

❇️ Аталмыш акция және оған қатысты іс-шаралар Үржар ауданында наурыз айының 28 мен  маусым айының 1 аралығында короновирустық инфекция үрдісін ескере отырып, эпидемиологиялық жағдайға байланысты өткізіледі.

 

 ❇️«Парктер шеруі - 2022» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында өткізілетін байқаулар: Халықаралық  құстар күніне орай «Құстарға қамқор болайық!», «Табиғат балалардың көзімен» сурет байқауы, «Жас ақындар үнімен, табиғатты қорғайық бүгіннен!», Эко-кәдесый жасау және «Экологиялық эстафета» спорттық сайысы.

 

☎️ Байқау талаптарымен ұлттық парк сайтынан таныса аласыздар. 8(72230)3-44-46 байланыс номері немесе turizmtb@ mail.ru электронды поштасы арқылы біле аласыздар.