"Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі территориясына қарай 16 орман телімдеріне бөлінген. Оның екеуі Тарбағатай, Зайсан, Көкпекті аудандарында, 14 -і Үржар ауданынындағы парк территорясында орналасқан.

 

Парктің атқарар жұмысы бірнеше бағытта болуына байланысты, әр бөлім өз мақсаты мен жоспары бойынша қызмет етеді.

 

Мекеменің орман шеберлері мен мемлекеттік инспекторларының әр бөлімге тигізер пайдасы мен септігі мол. Өздеріне тікелей қарасты бөлім тәртібі бойынша, мемлекеттік инспектор өзіне бекітілген телімде: заң бұзушылықтың орын алмауын қадағалау, өрт болдырмау, браконьерлік іс-қимылдың орын алмауы, рұқсатсыз ағаш кесуге жол бермеу т. с.с басқа да мәселелерді болдырмау жұмыстарын атқара келе, ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі, туризм және экологиялық ағарту бөлімі, орманды өсіру және қалпына келтіру бөлімдеріне де қатынасты жағдайда еңбек етеді.

 

Кез-келген жұмыстың жемісінің оңды немесе солды болуының нәтижесін жұмыс қорытындысы көрсетеді. Осы әспетте, мекеменің мемлекеттік инспекторларының жыл бойғы атқарған қызметтерін қорытындылап, рейтингін шығару жұмыстары бір неше күн бойы жүргізіліп, қорытындыланып, мекеме директоры қызметкерлердің ерен еңбегін бағалап, нәтижесінде жыл бойы атқарған қызметінде оңды баға алған мемлекеттік инспекторларға: "Жылдың үздік орман шебері", "Жылдың үздік мемлекеттік инспекторы" (сый ақысымен) номинациясын беруді ұйғарды.

 

Бұл тәсілде мекеме қызметкерлерінің жұмысқа деген жауапкершілігін оятып, еңбекке деген ынталарын арттырып, жақсы істен үлгі алуға жетелеу арқылы, мекеме жұмысын алға тарту көзделуде.

 

Ғылым,ақпарат және экологиялық бөлім басшысы-Алемсейтова Жанылкан Қабиқызы

View the embedded image gallery online at:
https://tarbagatai-park.kz/kz/bos-oryndar.html#sigFreeId11e2e8c4aa


«ШҚО Үржар ауданы әкімдігінің 

халықты жұмыспен қамту 

орталығы» КММ

Б.Галиевке

 

Өтінім

    

Сізден Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылық Министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Республикалық Мемлекеттік Мекемесі, ШҚО Үржар ауданы,Үржар ауылы, Шыңғожа батыр 70, ЖСН 180740022437.

 

"Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи парк мекемесінің заңгері:-  Н.А. Дүйсекенов (телефоны: 8 777 987 33 33, 3-44-46)

 

Ғылым, ақпарат және мониторинг бөліміне: жоғары біліммен (орман шаруашылығы, агроном, биолог,аңшы-биолог, географ мамандары), арнайы орта біліммен (эколог, орман шаруашылығы) мамандары бойынша;

 

Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөліміне: жоғары біліммен (экскурсовод, туризм, эколог), арнайы орта біліммен (эколог, орман шаруашылығы) мамандары бойынша

 

Табиғи кешендер мен обьектілерді қорғау бөліміне: жоғары біліммен (орман шаруашылығы, агроном, биолог,аңшы-биолог, мамандары), арнайы орта біліммен ( орман шаруашылығы) мамандары бойынша;

 

жұмыс орындарын ұйымдастыратын тұрақты жұмыс берушiлер тiзбесiне қосуды сұраймыз.

 

Мәселе оң шешiмiн тапқан жағдайда азаматтарға тiзбеге сәйкес мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады:

 

Р/с

Кәсіби (мамандығы)

Талап етілетін білім деңгейі

Жұмыс орындарының жоспарланған саны

Жұмыс режимі

Жалақысы

Жұмысқа қабылдау мерзімі

1

орман шаруашылығы, агроном, биолог,

аңшы-биолог, географ, экскурсовод, туризм,

эколог

жоғары біліммен

6

5 күн

 (8 сағат)

Еңбек өтіліне байланысты

тұрақты жұмыс

2

эколог,

орман шаруашылығы

жоғары немесе арнайы орта біліммен

13

6 күн

(7 сағат)

Еңбек

өтіліне байланысты

тұрақты жұмыс

 

Қосымша:

  1. Заңды тұлғаны және (немесе) дара кәсіпкерді мемлекеттiк

тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі.

  1. Заңды тұлға жарғысының көшiрмесi.

 

ҚР АШМ

Орман шаруашылығы  және жануарлар

дүниесі Комитетінің "Тарбағатай" мемлекеттік

ұлттық табиғи паркі РММ директоры                                             А.Тоқымтаев                                                              

Орындаған: Ж.Алемсейтова

тел:8 72 230 3 44 46