Маршруттың жіктемесі.

1) қозғалыс жасау түрі бойынша: аралас (автокөлікпен, жаяу).

2) қолданыс уақыты бойынша: маусымдық

3) ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық және жеке.

Негізгі географиялық пунктер атауы: Үржар ауылы, Мақаншы ауылы, Қаратал ауылы, Бақты ауылы,  Шлагбаум, Ақтас,  ІІХК (Ішкі істер халық комиссарияты) мөрі петроглифтер.

Қашықтығы Үржар ауданынан 127 км, оның ішінде; автокөлікпен-123 км, жаяу- 4 км, маршруттың ұзақтығы 9 км,  аялдамаларды есепке ала отырып.

Маршруттың жұмыс істеу мерзімі. Маусым айының ортасынан қазан айына дейін.

Топтағы адамдардың ең жоғары саны: 10 – 15 адам. Бір аптаға 1-ден 2 топқа дейін.

Экскурсия маусымында әр түрлі кезеңдер бойынша рұқсат етілетін рекреациялық жүктемелер: туристік және рекреациялық аймақта маусымдық қолданыс кезінде өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне кедергі келтірмей, айына 20-50 адамнан, сонда  маусым бойы 200 адамға дейін жүріп өтуге жол беріледі.