ТУРИСТІК СОҚПАҚТЫҢ

ПАСПОРТЫ.

  1. 1. ЕҚТА атауы: «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  2. Маршруттың атауы: № 1 туристік маршрут – «Әлемді».
  3. Маршруттың жіктемесі.

1) қозғалыс жасау түрі бойынша: аралас (автокөлікпен, жаяу).

2) қолданыс уақыты бойынша: маусымдық

  3) ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық және жеке.

  1. Негізгі географиялық пунктер атауы: Үржар ауылы, Некрасовка ауылы (қайнар, таза су), Сарқырама (биіктігі 10 метр), кіші әлемді сайы (Қара мола, Жеті кезең жолы,Тассай сайы), Әлемді шатқалы, «Шипалы су» емдік бұлағы, «Әулие үңгір», Балбал тастар.
  2. Қашықтығы 162 шақырым, соның ішінде аялдаманы ескере отырып, автокөлік жолы – 159 км, жаяу жол – 4 км, уақыт ұзақтығы – 8, 20 сағат.
  3. Маршруттың жұмыс істеу мерзімі. Маусым айының ортасынан қазан айына дейін.
  4. Топтағы адамдардың ең жоғары саны: 10 – 15 адам. Аптасына 1 – ден 2 топқа дейін.
  5. Экскурсия маусымында әр түрлі кезеңдер бойынша рұқсат етілетін рекреациялық жүктемелер: туристік және рекреациялық аймақта маусымдық қолданыс кезінде өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне кедергі келтірмей, айына 20-50 адамнан, сонда маусым бойы 200 адамға дейін жүріп өтуге жол беріледі.
  6. Маршрутта экскурция жетекшісінсіз жүріп өту мүмкіндігі: Соқпақта туристік серуен кезінде нормалар мен ережелер қатаң сақталуы керек. Көктем мезгілінде жауын-шашында, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі маусымы кезінде бұл соқпақпен жүруге уақытша тыйым салынуы мүмкін.

Қажетті киімдер мен құрал-жабдықтар: Жылы киім, таулы аймаққа арналған аяқ киім, бас киім міндетті. Құралдардан: таяқ, арқан, бәкі секілді т.б. заттар алып жүру ұсынылады.

 

  1. Маршрутта өзін ұстаудың басты қағидалары:
  • Маршрутпен жүру кезінде аң аулауға, балық ұстауға, ұяларды, індерді, құмырсқалардың илеуін бұзуға;
  • Объектілерге өз бетінше белгілер қойып, жазулар жазуға;
  • Арнайы рұқсатсыз соқпақтар бойынан табиғи ескерткіштер, әдемі тастар табылған археологиялық және т.б заттар алып кетуге;
  • Арнайы орыннан басқа жерлерге автотұрақ ұйымдастыруға, шатырлы үйлер тігуге, от жағуға, сондай-ақ өзендер мен көлдерге шомылуға;
  • Өз бетінше әдемі және дәрілік шөптер жинауға тыйым салынады.
  1. Қауіпсіздік шаралары:

Маршрутта қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет:

  • жүргіншілердің ара қашықтығы 1,5 – 2 метр болуы керек:
  • алдында кетіп бара жатқан адамды итермеу:
  • тік жардың шетінде тұрмау:
  • тау өзендерін арнайы белгіленбеген немесе өткелі жоқ жерлерден кесіп өтпеу;
  1. Соқпақпен жүріп өту жоспары.

 

Маршрут учаскелері

Ұзақтығы,

км

Қозғалыс

уақыты,

мин.

Аялдау уақыты,

мин.

Тамашалау алаңдары, суретке түсіру алаңдары

Бастап

Дейін

1

Үржар ауылы

Некрасовка ауылы

44

60

20

-

2

Некрасовка ауылы

Сарқырама

20

30

30

1

3

Сарқырама

Кіші Әлемді шатқалы

20

30

30

1

4

Кіші Әлемді шатқалы

Әлемді шатқалы

2

20

20

1

5

Әлемді шатқалы

«Шипалы су» емдік бұлағы

64

100

30

1

6

«Шипалы су» емдік бұлағы

«Әулие үңгір»

4

20

30

1

7

«Әулие үңгір»

Балбал тастар

8

40

30

1

 

Барлығы:

 

162

300 мин

(5 сағ)

190 мин

(3 сағ,10 мин)

7

 

  1. Маршрут сызбасы қосымшада тігіледі.

Соқпақтың сызбасы баспаханадан жабытырылып шығарылған, карта сызбасы 1:200000кем емес болуы тиіс.

  1. Соқпақ бойының шартты белгілері (маршрута):

 тау қойнауы

шатыр қоятын орын

аншлагтар

жол сілтеуіш

ақпараттық қалқандар

кордон

көру алаңқайлары

шақырымдық діңгектер

қалқалар

автөкөліктік және жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер

жалаушалар

БӨТ

  1. Маршруттың қысқаша сипаттамасы.
  2. Үржар ауылынан 44 шақырым жерде Некрасовка ауылынан шаға бергенде қайнар бар. Ол қия жерде орналасқан. Болашақта: күркелер, әжетхана, қоқыс салатын орын және демалыс орнын ұйымдастыру жоспарлануда.
  3. Некрасовка ауылынан 20 шақырым жерде құлау биіктігі 10 метр сарқырама орналасқан, көктемгі уақытта сарқыраманың ағыны ұлғайып, жаз айларында қалыпты ағады.
  4. Сарқырамадан 20 шақырым жерде Кіші Әлемді шатқалы орналасқан. Шатқалда ақтық байланған тілек ағаштар бар. Жергілікті тұрғындар үшін бұл жер қасиетті жер болып табылады.
  5. Кіші Әлемдіден 2 км қашықтықта Әлемді орналасқан, жолдың оң жағынан төбеде Қара мола жазығы, сол жағында жеті Кезен жолы орналасқан, 7 сатылы жолды көру үшін 7 шоқыдан өту керек.
  6. Әлемдіден 64 шақырым жерде «Шипалы су» емдік бұлағы орналасқан. Жергілікті тұрғындар және дерек көзі туралы білетін адамдар мұнда әртүрлі сырқаттарға дауа қасиет бар екенін айтады. Бұлақ суы асқазан, ішек, бауыр, өт қабы, эндокриндік жүйе және несеп-жыныс жүйесі ауруларын емдейді және қалпына келтіреді.

Шипалы бұлақ маңайында саз балшық бар  сүйек және бұлшық  аурулары, жарақаттар салдары, несеп-жыныс жолдары аурулары, ас қорыту органдары және артық салмақ кезінде қолданылады.

  1. Қасиетті "Шипалы бұлақтан» 4 шақырым жерде "Әулие үнгір" бар. Келушілерді таң қалдыратын орын жотада орналасқан. Үңгірге кіре берісі тік және үңгірге еңкейіп кіресің.Ішіне кірген сайын қабырғалары тарыла береді. Жергілікті тұрғындардың әңгімелері бойынша келген адамдар үңгірде жүрген 15 минуттың ішінде артериялық қан қысымының қалыпқа келетінін байқаған. Бұл үңгірдің ішінде тыныс алу оңай және ерекше күш-жігерді сезінеді және жағымсыз энергиядан құтылады дейді. Наным-сенім бойынша бала көтере алмай жүрген әйел адамдар осы қасиетті үңгірге түнеп, дұға тілеп, артынша ана бақытын сезінген. Үңгірдің тереңдігі 100м-ді құрайды. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың әңгімелері бойынша ауырған малдарды осы үңгірге бір тәулікке қамап емдеген.
  2. Үңгірден 8 шақырым жерде балбалы тас мүсіні бар жерлеу орындары бар.

Жергілікті тұрғындар бағзы заманда оларға құрбандық шалып, рухтарына тағзым еткен.

16.Көріп-тамашалау алаңдарынан маршрут бойындағы көрінетін объектілердің қысқаша сипаттамасы.

Дала өзендері мен арықтар, жер астынан шыққан және қайта сіңіп жатқан бұлақтар, сарқырамалар, кеуіп кеткен арналар кездеседі. Табиғи үрдістерге байланысты эрозиялық өзгерістер байқалады. Бұл жерде флораның әр алуандығы көрініп тұр. Олар: бұталар, аласа талдар, т.б. Жердің барлық аумағы бойынша суырдың қазылған індері көп. Жануарлардан: суыр, қоян, түлкі, арқар, аю, елік, ал құстардан: шіл, көк құтан, үйрек, бүркіт, және т.б. кездестіруге болады.

  1. 17. Соқпақтың (маршруттың) күрделі учаскілерінің қысқаша сипаттамасы.

Көлбеулігі 35 градустан асатын беткейлермен жүргенде, тік еңістер мен тік биіктікке көтерілу кезінде, соқпақтың қаптал және қорымды тұстарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет. Әсіресе, салт атпен жүру кезінде ерден мықтап ұстап отыру керек. Өйткені, суыр індеріне аттың аяғы кіріп кетуі мүмкін. Маршрут бойымен жүру кезінде ағыны қатты тау өзендері кездеседі. Олардан өту кезінде тек қана арнайы белгіленген өткелдер мен көпірлер арқылы өту керек екендігі қатаң ескертіледі.

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.