Бүгін Ұлттық парк қызметкерлері «Парктер шеруі-2022» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің қызмет алушыларына «Ұлттық парктің көрікті жерлері» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында қызмет алушыларға Ұлттық парктің көрікті жерлері бейне материал арқылы көрсетілді. Ашық сабақ соңында қызмет алушылар өздеріне таратылған табиғатта тыйым салынатын белгілерді бояп, аталмыш белгілер туралы ақпарат алды.

 

  • Click to enlarge image IMG_3980.JPG
  • Click to enlarge image IMG_3982.JPG
  • Click to enlarge image IMG_3985.JPG
  •  

🖊 Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімі