Жер тоңы жібіп, алғашқы көк қылтиған шақта шыбық қадап, көшет отырғызу – сауапты іс.

   Бабын тауып, баптай білсек, бүгінгі көшет болашақта мәуелі баққа немесе көлеңкелі саябаққа айналары белгілі.

Осы орайда көктемнен бастап тұқымбаққа көшет отырғызып, келешекте ауданды, облысты көшетпен қамтамасыз ететін ұлттық парктің тұқымбақ жобасы бүгінде жүзеге асып, жұмысын бастап кеткенін біреу білсе, біреу білмес...

 Ағаш отырғызудың қыр-сырына қанық мекеме мамандары топтасып, экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің мамандарының ұйымдастыруымен "Парктер шеруі-2021" Халықаралық акциясының аясындағы өтетін "Дүниежүзілік ағаш отырғызу күні" іс-шарасымен байланыстырылып "Қарабұлақ" атты тұқымбақтағы мектеп бөлімінде: жөке мен үйеңкі ағашының-500 түп көшеті , теректен-2000 түп, еменнен -2500 түп  көшеттер отырғызылды.

   Осы ауқымды жұмыстарды атқарумен, келешекте жан-жақтан түскен сұраныстар бойынша екпе көшеттерімен қамтамасыз етіп, мекеме өзін-өзі қаржыландырып, пайда көзін табатын болады. Сондықтан да бүгінгі табалдырығы қаланып жатқан,  жанында үнемі үзілмейтін су көзі бар тұқымбақтың ұлттық парк үшін маңызы зор болып отыр.  Келешекте аудан маңындағы ауылдық округтерді, ауданды  қамтамасыз ету үшін басқа әсемдік, жеміс- жидек ағаштарының көшеттерін өсіріп  баптау да жоспарда бар.  Тұқымбақтың орналасу ерекшелігі бойынша аумақта жел соғу барысынан жердің құрғақшылығы болуы ықтималдылығынан тұқымбаққа тамшылатып суару жүйесі қолданылатын болады. Ауа температурасының құрғақшылығына байланысты егілген екпе көшеттерін сақтап қалу үшін суғару жүйесі қатаң бақылауға алынады. Екпе көшеттерінің күтімін жақсарту үшін егу кезінде  органикалық тыңайтқыштармен байытылған қи-көн қоспа да қолданылды. Жұмыстың басы тұқымбақ аумағын қоршау үшін, санитарлық тазарту мақсатында арнайы кесілген ағаш діндері қағылып, темір тор қоршаумен қоршауға алынғаннан басталып, тұқымбақтағы атқарылатын жұмыстарға қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілді.

   Қасиетті Рамазан айында туған өлке табиғатын көркейту, айналамызды жасыл желекке айналдыруға жұдырықтай жұмыла білген ұжымымыздың қасынан табылған Қарабұлақ ауылының әкімі  Қайранов Ержан Түсіпбекұлы да халық атынан жүрек жарды тілегін білдіріп, кәсіпкер Суықбаев Әділет камаздарын жүргізіп қолғабыс етсе, "Саят"шаруа қожайынның иесі де трактор көлігімен қол ұшын созып,  жергілікті мемлекеттік инспекторлардың ат салысуымен, қазақтың сара жолымен салынған ырыммен малға бата жасалынып,  құдайы тамақ берілді.

Айта кетерлік жәйт бүгінде тұқымбақ жанындағы ауылдан жалдамалы қызметке 2 жұмысшы алынып отырған болса, келешекте тұқымбақтың ауданы түгел қамтылған маусымдық кезеңде оннан астам жұмысшы қатарға қойылғанда, бұл да ауданымыздың халқының әл-әуқатын жақсартуға септігін тигізер игі іс болмақ!

Жұмыла көтерген жүк жеңіл болғанда кане еліміз көк-майса желекке оранып, табиғатымыздың жағдайы өзге елге танымды боларына нық сенімдіміз!

 

Баспасөз хатшысы-Алемсейтова Жанылкан