Ертеде моңғолдар мекен еткен Тарбағатай тауының суырлы тау аталуының біренеше мағынасы бар. Суырлар көп мекендеген өлке сол кезде жоңғарлардың мекені болғандығына байланысты, суырлардың шыңғырған дауысы жоңғарларға маза бермегендігінен, сондай-ақ, суыр терісінен тігілген бөрік кигендіктеріне байланысты «Суырлы тау» атанған деседі. Негізінен Тарбағатайдың ежелгі атауы Барқытбел болған екен.

Суырлы таудың бүгінгі күнге дейін, сізбен біз білмейтін қыр-сыры көп. Суырлы таудың табиғат сұлулығы өз алдына бір төбе. Ежелгі қыпшақтар оны «Көгілдір тау» атаған деген дерек бар. Алыстан қарағанда жоталары жолбарыс жонындай болып жататын тау батысында Алакөл,  шығысында Сауыр-Сайқанға дейін созылып жатыр. Жалпы ұзындығы 300-350 шақырым болса, ені 30-50 шақырым.

Тарбағатай жотасы солтүстігінде Зайсан көлінің бассейніне, оңтүстігінде Алакөл, Сасықкөл және Балқаш көлдеріне тиесілі өзендердің су айырығы болып табылады. Бұдан бөлек жоталардың сай-саласын, қойнауларын қуалай ағатын Боғас пен Базар, Шорға мен Еспе, Тайжүзген мен атақты Қандысу, Құсты, тағы басқа үлкенді-кішілі өзендердің біразы жамырай кеп жайсаң көл Зайсанға құяды. Марал мен Тастау құздарының екі қайнарынан оңтүстік батысқа қарай ағатын Үржар өзені оңтүстік баурайдағы ең үлкен өзен болып табылады. Үржар өзені жотаның қалған бөлігіндегі суды жинайды және толық ағынды өзен болып Алакөл көліне құяды. Оның ірі саласы Құсақ, Егінсу, Ақтас өзендері. Ал оңтүстігінде Теректі, Үржар, Жалаңаш, Көлденең, Шолақтерек,  Қусак сынды өзендер таудың етегіндегі күзет аймағының егістіктерін суару үшін кетеді.

Егер оның солтүстік жағын Тарбағатай жотасының батыс сілемдері Қарауылтөбе, Ақтас (1316м) және Ақшәулі (1618м) таулары алып жатса, оңтүстік жағын Тарбағатай жотасының оңтүстік ұсақ шоқылы беткейі мен Алакөл ойысының солтүстік бөлігі, ал оңтүстік-шығыс бөлігін Бармақ құмы мен Қосай шағылы, Көрпебай (568м), Бақты (1273м), Арқалы және Арасан таулары алып жатыр. Осыған байланысты ауданның жер бедері солтүстік-шығыстан оңтүстік батысқа қарай едәуір еңіс келеді.

Тарбағатай жотасының ең биік жерлері Тастау (2992м) мен Атбас  (2263 м) таулары және Тікжолдана, Қызасу, Ақшоқы, Кіші Сырғанақ асулары орналасқан. Тарбағатай жотасы далалы және шөлді аймақта орналасқандықтан мұндағы өсімдіктер жамылғысы басқа таулы аймақтарға: Солтүстік Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Алтай тауларына қарағанда айтарлықтай ерекшеленеді.

Тарбағатай тауының ормандары, сарқырап аққан өзендері, жайқалған құнарлы жайылымдары, жортқан аңы мен ұшқан құстары, жер қойнауындағы алтын, күміс, мыс, қалайы, мырыш, тағы басқа да қазба байлықтары адам баласын ежелден-ақ өзіне тартқан. Мұны алғашқы адамның мекен-жайлары, қола дәуіріндегі кен шығару орындары, тастарға салынған өрнек-бедерлері, тас суреттер мен таңба белгілері дәлелдеп отыр. Тарбағатай,  жоталарындағы тасқа қашалған тамаша кескінді бейнелер біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықта осы өңірді мекендеген көшпелі тайпалардың тіршілігі, ұғымы, алғашқы жазу түрлері жөнінде жан-жақты хабардар етеді.

 Аймақтағы өсімдіктер түрлерінің құрамы мен таралу ерекшеліктері биіктік белдеулер бойынша айтарлықтай өзгеріп отырады. Жотаның оңтүстік беткейінде өсетін бұталы өсімдіктер: итмұрын, тобылғы және ырғайдың бірнеше түрлері өседі. Жотаның солтүстік беткейінде орал миясы мен арша секілді өсімдік түрлері кездеседі. Бұл түрлерден басқа кездесетін дәрілік өсімдіктер: шәйқурай, киікоты, қазтабан, бүлдірген, теңгежапырақ, сүйелшөп және т.б. өсімдік түрлері кең таралған. Жотадағы жиі кездесетін шөптесін өсімдіктер: уқорғасын, мия, тарғақшөп, күреңот. Жалпы, мұнда флораның 1640 түрі өседі.

 Табиғатының ерекшелігі, сарқырап аққан бұлақтары, тауының басынан теріскей бетіне қарай қарағай, қайың, тал, терек, күнгейіне қарай арша, алтын тамыр, еңлікгүл, рауағаш сынды шөптер кездеседі. Жалпы енді табиғаты сондай көркем. Тарбағатайдың ең биік шыңында алты ай жазда қар жатады. Аң-құсқа келетін болсақ, мұнда сілеусін, суыр марал, қоңыр аю, арқар, елік, кездеседі. Тарбағатай деген табиғаты аңға да, құсқа да, пайдалы өсімдік-шөпке де бай тау.

Жоңғар Алатауы мен Алтай секілді Тарбағатай жотасы да мұхит кеңістігінен алшақ жатыр, осыған орай “құрлықтық” климат тән. Ауданның климаты өте континентті. Ауаның орташа айлық температурасы шілдеде максимумға жетеді (Оңтүстік беткейінде +22.2, ºС +23.2 ºС тең, ал солтүстік және батыс беткейде +21.2 ºС). Ең ыстық ай шілде кейде тамыз айларына сәйкес келеді.  Ертеде монғолдар суырлы тау деп атап кеткен Тарбағатай  бүгінде ұшқан құс пен жортқан аңның мекеніне айналған, тасы тарғыл, тарихы тұерең, табиғаты тамаша Тарбағатайдың  аспанмен таласқан биік-биік шыңдары, тау биігінен құлап аққан сарқырамасы мен мөлдір бұлағы, ну орманы көңілге қуаныш ұялатып ерекше сезімге бөлейтін табиғатты болашақ ұрпаққа қаз қалпында жеткізу «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерінің басты міндеті.

Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкері

Шәріпқанова Айгерім Даукенқызы.

 

Суырлар (лат. Marmota) – кемірушілер отряды, тиінтәрізділер тұқымдасына жататын сүтқоректі. Қазақстанның орманды даласында, шөлді жерлері мен таулы аймақтарында кездесетін 4 түрі: дала cуыры (Marmota bobak), сұр cуыр (Marmota baibacina), ұзынқұйрық суыр (Marmota caudata) және Мензбир суыры (Marmota menzbieri) бар. Дене тұрқы 30 – 60 см, құйрығының ұзындығы 10 – 25 см, салмағы 3 – 8 кг. Түсі қызыл қоңыр, сарғыш жирен, кейде қара қоңыр түкті шұнақ құлағы болады. Ашық алқапта тереңдігі 3 м, ін жолдары 8 м-дей, бірнеше (1 – 6) аузы бар, ін қазады. Жылына 7 айға жуық ұйқыда жатады. Жылына бір рет наурызсәуір айларында көбейіп, 15 – 20 жыл тіршілік ететін дала суыры мен ұзынқұйрық суырдың кәсіптік маңызы бар. Олардың бағалы терісінен бас киім, сырт киім тігіледі. Суырлар  құрғақ, жылы әрі дәретханасы бар ініде әулетімен бірге өмір сүреді. Інге қысқы ұйқыға кеткенде төсеніш болу үшін шөп жинап қояды. Сондай-ақ ін жасағанда екі шетінен тесік қылып жасайды ол жыртқыш аңдар мен адамдардан қорғанған кезде екінші тесіктен шығып қашуға ыңғайлы.Суырлар өте сақ әрі ұйымшыл аң. Жайылып жүргенде немесе азық іздеуге шыққанда біреуі қарауыл ретінде  қарап тұрады да қауіп төнген  жағдайда басқаларына ысқырып белгі береді. Суырлардың негізгі қорегі шөп. Көктем уақытында шөптердің тамырларымен кейде сарымсақтармен қоректенеді. Ал суды өсімдіктерден және таңғы шықтан алады. Қысқа еш азық дайындамайды. Көктем шыға салысымен індерін тазалаумен айналысады.

Суырлар күніне 1-1,5 кг шөп жейді.  Қысқы азық ретінде майды мамыр айының аяғы мен шілде айларында жинай бастайды. Олар Кәдімгі түймешетен, Кәдімгі бетеге, Салалы астрагал, томағашөп, бақбақ, қотырот, шырмауық, бақа ауыз, жолжелкен, жаушалғын, суоты, еркекшөп, сияқты шөптермен қоректенеді. Сондай ақ қорек үшін емес төсеніш ретінде қысқыға індеріне  7-9 кг шөп жинайды екен.

Тарбағатай, Қарабас, Арқалы таулары мен Үржар, Қатынсу, Еміл өзендерінде  2019 жылдың сәуір айының 10-нан, маусым айының 5-не дейін жүргізілген санақ бойынша 1000га тығыздыққа 1770 суыр тіркелген.

Суырлардың негізгі жауы сілеусін, аю, қарсақ, түлкі жыртқыш құстар, ірі жыландар,

Наименование

вида

Площадь ареала, тыс. га

Площадь учёта, тыс. га

Учтено особей

Плотность на 1000 га

Расчётная численность

Сурок

90.0

30.0

590

19,6

1770