Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бірлесіп, жаһандық экологиялық қордың қолдауымен «Қар барсын сақтайық!» сурет байқауын жариялайды. Аталмыш байқау 27-ші қыркүйек пен 23-ші қазан күндері аралығында өтеді.

Байқауға қатысуға Шығыс Қазақстан облысының, Қазақстандағы қар барыс мекендейтін аймақтардың бірінде тұратын 7 мен 16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер шақырылады. Байқауға қатысуға арналған өтініш пен жұмыстар Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына 2021 жылдың қазан айының 23-ші жұлдызына дейін жіберілуі керек.
Байқауға қатысуға арналған жұмыстар жануарлар әлемінің сирек кездесетін өкілі ретінде қар барысын сақтау тақырыбында қабылданады. Қатысушылар байқауға кескіндеме мен графика жанрындағы жұмыстарды жібере алады:
· Қар барысы;
· экожүйе қар барысының (тіршілік ортасы).
Қазылар алқасы жеңімпаздарды қазан айының 29-ы күні анықтайтын болады. Ал ең қызықты жұмыстар дипломдар және арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Байқау қоғамның назарын қар барысының популяциясын сақтау және Қазақстанда Қызыл кітапқа енетін жануардың жойылу қаупін азайту бойынша белсенді шаралар қабылдау қажеттілігіне аудару үшін арналған. Байқаудағы жұмыстарға қойылатын талаптар мен өтініштерді қабылдау ережелері туралы толығырақ ақпаратты байқау туралы ережеден білуге ​​болады.

Аты Жүктеу
1 «Қар барысын сақтайық!» PDF