⚜️ Табиғат өзін-өзі тазалай алмайды.

Табиғат аясында демалушылардың кейбірі тазалық дегенге мән бермей жатады. Осы кемшілікті жою мақсатында ұлттық паркіміздің қызметкерлері бастама көтеріп, еріктілер табиғаттың тазалығы үшін күреске шықты. Осы орайда еріктілердің туған жерге деген азаматтық сүйіспеншілігі бізді тәнті етті. Олар шашылған қоқыстарды өз күштерімен жинауды жөн көрді.

⚜️Ұлттық парктің мемлекеттік инспекторлары мен қызметкерлері  демалушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қоқыстарды қалдырмай өздерімен алып кетулері үшін полиэтилен пакеттер үлестірді.

Нәтижесінде өзен жағалауы қоқыстан тазарып, таза табиғи қалпына қайта келді. Еріктілер алдағы уақыттарда да  табиғат сұлулығының  тазалығын жіті назарда  ұстамақ. Осыдан кейін демалушылар үмітімізді ақтар деген ойдамыз.