🏕️"Ұлтыңды танытқың келсе, жеріңді таныт"-дегендей, биыл ұлттық паркіміздің туризм саласында жылдағыдан өзгеше қозғалыс бар...

🌎 Құрылғанына 3 жыл болған "Тарбағатай"мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экотуристтік соқпақтарына қызығушылық танытқан алғашқы туристтер де келіп жетті!

🌎Табиғаты ғажайып жеріміз саяхат және туризм нысаны екеніне тәнті болған саяхатшылар төл тарихы, археологиялық қазбасы, тарихы терең таңбалы петроглифті тастары бар, заңғар тауы мен сарқыраған суы бар, табиғаты мен тылсым дүниесі тұнған салт-дәстүрлі жерімізден мол энергия жинап, бой жазып, көтеріңкі көңіл күймен қайтты.

🌎 Соңғы он жылда туризм мықты индустрияға айналып отыр. Елімізде соңғы жылдары өз еліміздегі саяхатшылар мен саяхаттауға қызығушылар тобы көбейіп келеді. Сондықтан бүгінде өз еліміздің ішкі туризм саласын дамытуға ұлттық парктің де атқарар рөлі мол болып отыр.

🏕️Біздің экотуристтік соқпақтарға келуші саяхатшыларға – саяхат үлкен терапия.

Саяхатпен– әлемді танып, әлемді тану арқылы өзіңді танисың.Саяхаттау арқылы әлемнің, өмірдің сан қырымен, қиындықтарымен бетпе бет кездесіп әр адам өз білімін ұштайды.

Бүгінде парктің экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің мамандары саяхатшыларды қабылдап, сан алуан әлемімізді көзбен көрсетіп, дәріптеуде. Туған ел ішінде саяxаттау – ол ұлтыңды тану. Ұлтын, тариx арқылы өзінің қазақы болмысын тану – әр азаматтың парызы болғандықтан, алғашқы саяхатшылардың артынан саяхатшылар тобы толастамайтынына сене отырып, алғашқы саяхатшылар қатарынан табылып, өзге өлкемен теңеуге келмес, флорасы мен фаунасы өзіне тәнті сан алуан түріне қызығушылық танытып жатқан ғалымдар қатарының алғашқы шебінің келіп жатқанын айта кете отырып, біздің өлкеге саяхаттауға асығыңыздар деп шақырамыз!