Марал-ірі асыл бұғы. Ол ұлттық парктің аумағында негізінен Тарбағатай тауларында мекендейді, жүруі қиын шатқалдарды жақсы көреді. Көктемде (әдетте мамыр айында) төлдейді, бұзауларының салмағы 11-20 кг жетеді, алғашқы 2 айда бұзауы сүтпен қоректенеді, ал 7-8 айдан кейін олар толығымен тәуелсіз болады. Анасының мұқият бақылауында болған бұзаулар, кішкентай балалар сияқты, анасынан алыс емес жерде жүреді. Марал аналықтары жетім бұзауларды ықыласпен қабылдап, оларға қамқорлық жасайтын жағдайлар бар.
Аңшы-биолог
Красон Е.