"Тарбағатай" ұлттық табиғи паркінің Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімінің мемлекеттік инспекторлары 2021 жылдың 27 мамырмен 3 маусым,10 маусыммен 17 маусым аралығында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Республикалық мемлекеттік мекемесінің 2021 жылдың 28 сәуіріндегі № 27-5-4/69 бұйрығы негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 934 қаулысы негізінде және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 40 бабына сәйкес, «Марқакөл» көлінде балықтардың уылдырық шашу кезеңінде «Марқакөл» мемлекеттік табиғи қорығының аумағында браконьерлік фактілерін болдырмау жөніндегі іс – шаралар мен рейдтік бақылауларға қатысып, Марқакөл көліндегі балық қорларын қорғау бойынша, табиғат қорғау заңнамаларының сақталуын қадағалап, рейд жүргізуде.