Құрқылтай (лат. Remiz) – торғайтәрізділер отрядының бір туысы. Дене тұрқы 7,3 – 10 мм, салмағы 9 г. Ұясын қыл, жүн, өсімдік талшықтарынан тоқып, сілекейімен желімдеп, бір бүйірінен кіріп шығатын тесік қалдырып, екі бұтақтың түйіскен жеріне салады. Жұмыртқа салуы мамыр айынан маусым айына дейін жалғасады. Құрқылтайлар 6 – 7, кейде 8 – 10 жұмыртқа салып, 12 – 14 күнде балапан шығарады. Ұяны аталығы салады, жұмыртқаны мекиені (ұрғашысы) басады.

«Remiz» сөзі неміс тілінен аударғанда «қамыс шымшығы», латын тілінен аударғанда «ілулі», «ілінулі» дегенді білдіреді. Яғни, сіз көбінесе құстың қамыс қопаларында және су айдындарында өсетін басқа бұталар мен ағаштарда өмір сүретінін болжай аласыз. Акробаттық шеберлігімен ол өсімдіктердің жіңішке бұтақтарына бір аяғымен жабысып, іліп тұра алады. Құрқылтай құсының негізгі қорегіне қамыс пен ағаш қабығынан ұсақ қоңыздар, жидектер және өсімдік тұқымдары жатады. Жәндіктер мен дернәсілдер құстың күнделікті рационын толықтырып отырады.

30 күн бойы құрқылтай балапандары қорғалған ұяда болады, ал оларға ересек құстар кішкентай жәндіктер әкеліп тамақтандырады. Шамамен бір айдан кейін балапандар тәуелсіз болып, ұядан ұшып кетеді.

 

ҒАжЭМ бөлімінің ғылыми қызметкері   Қабсаметов Р. Ж.