Қыс айында қалың қар түсімі болмайтын, жаз айы континентальды Үржар ауданының Қарабұлақ ауылдық округі учаскесі маңайынан, жер Актісі алынып заңдастырылған ұлттық парктің 10 га тұқымбағының 3 га аумағы былтырғы  күз айлары мен биылғы көктемнің алғашқы айларынан бастап: жерді тазалау, қоршау, маналау, жырту, арық салу жұмыстары жүргізіліп, көшеттер егуге толық дайындық жұмысы жасалды.

 

Мекеменің  Орман қорын молайту және қалпына келтіру бөлімінің басшысы және инженерлері  егілетін көшет түрінің сол аумаққа төзімді,аудандастырылған  қолайлы түрін талдап, егілетін көшет түрлерін жеткізумен қамтамасыз етіп, мекеменің барлық бөлім қызметкерлері  мен орман шеберлерін жұмылдырып  қызу жұмыс жүргізілуде.