Маршруттың жіктемесі:

1) қозғалыс жасау түрі бойынша: аралас (автокөлікпен, жаяу). 

2) қолданыс уақыты бойынша: маусымдық

3) ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық және жеке.

Негізгі географиялық пунктер атауы: Үржар ауылы, Бестерек ауылы, Шлагбаум, «Әлет» ботаникалық бағы, қарау алаңы.

Ұзақтығы 25 км, оның ішінде: автокөлікпен жүріп өту-22 км, жаяу-3 км, маршруттың ұзақтығы 3 км аялдамаларды есепке алғанда,.

Маршруттың жұмыс істеу мерзімі.  Маусым айының ортасынан қазан айына дейін.

Топтағы адамдардың ең жоғары саны: 10 – 15 адам. Бір аптаға 1-ден 2 топқа дейін.

Экскурсия маусымының ішіндегі әр түрлі кезеңдер бойынша жол берілетін рекреациялық жүктемелер: Маусымдық қолданыс кезінде өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне кедергі келтірмей, айына 20-50  адамнан жыл ішінде 200 адамға дейін жүріп өтуге жол беріледі.