Туристік маршрут – «Қарабас».

 

Маршруттың жіктемесі.

1) қозғалыс жасау түрі бойынша: аралас (автокөлікпен, жаяу).

2) қолданыс уақыты бойынша: маусымдық

3) ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық және жеке.

 

Негізгі географиялық пунктер атауы: Үржар ауылы, Мақаншы ауылы, Қаратал ауылы, Бақты ауылы, Мао тауы, Көртөбе шоқысы, Шлагбаум петроглифтер, ІІХК (Ішкі істер халық комиссарияты) мөрі.

 

 Қашықтығы 159 км, оның ішінде; автокөлікпен-155км, жаяу-4км, ұзақтығы 9, 40 аялдамаларды есепке ала отырып.

Маршруттың жұмыс істеу мерзімі. Маусым айының ортасынан қазан айына дейін.

Топтағы адамдардың ең жоғары саны: 10 – 15 адам. Бір аптаға 1-ден 2 топқа дейін.

Экскурсия маусымында әр түрлі кезеңдер бойынша рұқсат етілетін рекреациялық жүктемелер: туристік және рекреациялық аймақта маусымдық қолданыс кезінде өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне кедергі келтірмей, айына 20-50 адамнан, сонда  маусым бойы 200 адамға дейін жүріп өтуге жол беріледі.

 

 

Туристік маршрут – «Әлет»

 

Маршруттың жіктемесі:

1) қозғалыс жасау түрі бойынша: аралас (автокөлікпен, жаяу).

2) қолданыс уақыты бойынша: маусымдық

3) ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық және жеке.

 

Негізгі географиялық пунктер атауы: Үржар ауылы, Қазымбет ауылы,(қарау алаңы, шаңғы базасы), «Семейханов» омартасы, Шлагбаум, «Ережеп» сайы, «Солдат саңлағы» , «Аю» сайы, «Әлет» ботаникалық бағы.

Ұзақтығы 94 км, оның ішінде: автокөлікпен жүріп өту-92 км, жаяу-2 км, аялдамаларды есепке алғанда, ұзақтығы 6, 25 сағат.

 

Маршруттың жұмыс істеу мерзімі.  Маусым айының ортасынан қазан айына дейін.

Топтағы адамдардың ең жоғары саны: 10 – 15 адам. Бір аптаға 1-ден 2 топқа дейін.

Экскурсия маусымының ішіндегі әр түрлі кезеңдер бойынша жол берілетін рекреациялық жүктемелер: Маусымдық қолданыс кезінде өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне кедергі келтірмей, айына 20-50  адамнан жыл ішінде 200 адамға дейін жүріп өтуге жол беріледі.