«Қалдықсыз экология» байқауының жүлдегерлері:

1️⃣  орын - Адлетұлы Парасат, Абылайхан атындағы орта мектеп-балабақша КММ.

2️⃣  орын - Жанарбек Ақниет, Үржар аудандық балалар шығармашылық үйінің оқушысы.

2️⃣  орын - Ерғали Мансұр, "Қаратұма орта мектеп-балабақшасы" КММ.

3️⃣  орын - Ануарбекова Ұлжан, "І.Жәнсүгіров  атындағы орта мектеп" КММ.

🔺«Әдемі жұмыс номинациясымен»- Атчибаева Әдемі, Кішкенетау орта мектеп-бақшасы марапатталады.

«Белсене қатысқаны үшін» -  Шәріпқазы Үміт, Абай атындағы орта-мектеп КММ марапатталады.

🔹 «Парктер шеруі 2021»акциясының байқауларына белсене қатысқаны үшін:

А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің 1- сынып оқушысы Рашидов Алишер;

Қаратұма орта мектеп оқушысы- Әмренова Аружан марапатталады.

Жеңімпаздарды Құттықтаймыз🎉🎉🎉

 


«Парктер шеруі-2021» акциясының аясында «Қалдықсыз экология» тақырыбында байқау өтетіндігін хабарлаймыз❗

Байқауға қойылатын талаптар:

🌸 Қатысушы тұрмыстық қалдықтардан қолөнер бұйымдарын жасау керек, яғни экологиямен байланысты макеттер немесе бұйымдар істеу;

Жасалған бұйымдардың биіктігі 30 см, ені 20 см-ден аспауы керек.

🌺 Байқауға 1-11 сынып оқушылары және студенттер қатыса алады;

🌸 байқауға қатысушы жасап жатқан кезін жұмысымен суретке түсіп, Instagram әлеуметтік желісінде өзінің жеке парақшасында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің парақшасын белгілеп және #Тарбағатайэкология  хэштегімен салу керек;

🌺 жасалған жұмыстарды ұлттық парк мекемесінің мекен-жайы: Үржар ауылы, Шынқожа батыр №70 бойынша 15 сәуір 3 мамыр аралығына дейін тапсыру қажет. Байқау қорытындысы 6 мамыр күні хабарланады.

❗Қатысушы жасалған жұмыспен бірге байқауға қатысуға арналған өтінішті толтырып өткізу керек.

Барлық қойылған талаптар орындалмаған жағдайда жұмыс қабылданбайды.

☎️ 8(722330)34446

📩Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.