🌳Ұлттық парк "Парктер шеруі-2021" акциясының аясында "Әлет" мемлекеттік табиғи ботаникалық қаумалында, "қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті"- деген ұранмен, әр мекеме қызметкері тазалықты жанына серік еткен бейнеулікпен сенбілікке қатысып,екі айлық акция аясындағы сенбіліктер қарқынды түрде жалғасын тауып жатыр.

🌳Қаумалдағы ағаш жапырақтары қоқыстарын тазалап, ағаштарды ақтап, арықтар мен бұлақ көздерін ашып бүгін қарқынды сенбілік өтті.

Сенбілікке бір кісідей жұмылып, қоршаған орта тазалығына мән беріп ауданның сенбілік жұмыстарына да ат салысып жүрген ұлттық парк қызметкерлері ауданның санитарлық жағдайын жақсарту үшін көріктендіру жұмыстарымен қатар ауданның сырт көрінісіне де ерекше көңіл бөлу сияқты ауқымды жұмыстар жүргізуде.

Сенбілік көтеріңкі көңіл-күймен басталып оған қатысушы әр қызметкер сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп, белсенді жұмыс істеді.

Бір үйдің баласындай біріге жұмылып еңбек ететін ұжымдық шаралар қызметкерлерге үлкен әсер беріп, жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатынына көздері жеткен олардың бір-біріне деген сенімдері ұштала түсуде.

🖊️Баспасөз хатшысы-Жанылкан Алемсейтова.




🌿«Тарбағатай» ұлттық паркінің Зайсан ауданындағы мемлекеттік инспекторлары «Айнабұлақ орта мектебі» КММ-мен санитарлық нормалар мен карантиндік режимдерді сақтай отырып, жергілікті тұрғындар мен өскелең ұрпақты экологиялық ағарту мақсатындағы үгіт жұмыстары мен еріктілерді тарту арқылы «Парктер шеруі – 2021» табиғатты қорғау акциясы аясында «Қоқыссыз әлем» атты бірлескен сенбілік өткізіп, челлендж арқылы Зайсан ауданының барлық мектептеріне жолдады.

☎️ 872230-34446

📩 Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.