Әдеп кодексі - Әдептілік негізі...

 

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және  жануарлар дүниесі Комитетінің «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Токымтаев Алибек Токтаубекович  2020 жылдың 10 қыркүйегінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінен № 27-5-39/904И  келіп түскен хатымен таныстырып өтті, яғни Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 342 бұйрығымен бекітілген  Азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексі мен таныстырды. Яғни  қызметшiлер жұмыс уақытынан бөлек, бос уақытында да Әдеп кодексiн ұстануға мiндеттi. Оның iшiнде қызметкердiң сыпайы, адал, сабырлы, салмақты, ұқыпты болуы және кез келген ортада өзiн iскерлiк стильге сай ресми түрде ұстауы мiндеттелген. Сондай-ақ, қызметкер елiмiздегi тiлдерге, салт-дәстүрлерге сыйластықпен қарап, әдiл де заңды шешiмдер қабылдауы, жалған ақпарат таратпауы, сын айтқаны үшiн бiреудi қудаламауы және мемлекет меншiгiн тек қызмет бабында пайдалануы қажет. Қол астындағыларды кемсiтпеуi және қызметкерлердiң барлығына құрметпен қарауы тиiс. Мұнан бөлек қызметкер жемқорлық фактiсiне қатысты, тiптi, есiмiнiң аталуына жол бермеуi керек.

 

 

Қызметкерлердің моральдық бет-бейнесi мен этикасына айрықша көңiл бөлiнуiнiң себебi – оның iскерлiгiн ғана емес, айналасындағыларға деген құрмет пен iзетiн де жетiлдiру қажет. Себебi, қызметкерлердің бiлiмi мен бiлiктiлiгiне және жүрiс-тұрысына қарай қазiргi қоғамда  халықтың атқарушы билiк жайлы көзқарасы мен оған деген сенiмi қалыптасатыны да белгiлi екенін айтып өтті.

 

Жиналыс қортындысында мекеменің бөлім басшылары өздерінің қол астындағы қызметкерлеріне Азаматтық қызметшілерді Әдеп кодексімен таныстырып  жұмыс барысында мүлтіксіз орындалуы талап етілді.

 

Іс жүргізуші - Керимтаева Диана Бейсенбековна


Әдеп кодексін  сақтау мен сыбайлас-жемқорлықпен күресу.

 

Елбасымыздың «Қазақстан Республикасы мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» ҚР президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 жарлығы жарияланып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілгені мәлім. Соған сәйкес мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне Әдеп кодексі мен Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже бекітілгені белгілі.

 

Қабылданған Кодекстің мағынасы өте маңызды, өйткені мемлекеттік мекемеде қызмет атқару, қызметкер үшін қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру деген сөз!

 

Бүгінгі таңда мемлекеттік мекемемізде қызмет істеп отырған кез-келген мемлекеттік инспектор өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асырып отырған кәсіби қызметіне жұмсауы, өзінің Отаны, туған жеріне, яғни – Қазақстан Республикасына қалтқысыз, әрі адал қызмет ету  «Тарбағатай» МҰТП РММ әр қызметкеріне қойылатын талап.

 

2020 жылдың 10-14 ақпан  аралығында «Тарбағатай» МҰТП РММ-нің Орман шеберлері мен мемлекеттік инспекторларына жоспарлы түрде мекеменің заңгері және Әдеп жөніндегі уәкілі- Н.А.Дүйсекенов, әдеп  кодексінің, әдеп нормаларын сақтау туралы дәріс-сабақ лекциясын жүргізіп, онда: адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, Мемлекеттік мекемеде қызмет істеп отырғандықтан, заңнамадағы тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге  тиіс екендіктері түсіндіріліп, сонымен қоса Әдеп Кодексіне сай қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары, көпшілікпен яғни, халықпен қарым-қатынастағы байланыстағы мінез-құлық стандарттары туралы түсіндірме жұмысы айқын көрініс алып, бейәдеп мінез-құлық фактілерінен кез-келген ортада бойларын аулақ ұстау керек екендіктері айтылып, Әдеп кодексіне сай мемлекеттік мекеме қызметшісі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған кез-келген мемлекеттік меншік түрін ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға тиісті екендігіне тоқталып өтті.

 

Бүгінгі күні заманымызда шешiмi күрделi тағы бір мәселе бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе, қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – сыбайлас-жемқорлық!

 

Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе бүгінгі күні әлi толық шешiмiн тапқан жоқ. Сондықтан кез-келген өркениетті қоғам  мен мемлекеттік мекеме үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес, ең өзекті мәселелердің бірі.

 

Мемлекеттің дамуында бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген мұралы сөздерді арттарында қалдырғандары мәлім. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін, ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз өткен тарихтан жақсы білеміз.

       

Осы күнге дейінгі тарихта өмір көрсеткен: қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, жалған жауап беру немесе жауап беруден жалтару, жалған ақпарат беру немесе сатып алу,  қылмыс қатарларының барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жүзеге асатыны белгілі.

      

Бәріне белгілі осы жәйттарға байланысты біздің мекемемізде де сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін, мемлекеттік инспекторлардың құқықтық сауаттылығын арттырып сыбайлас-жемқорлыққа жол бермеу керектігінің маңызы зор  екендігі айтылып, мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күшін біріктіріп, бұл құбылыстың түп тамырын жою керектігі жеткізілді.

      

Өткенімізге көз салып, ел басымыздың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің, мекемеміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар іске асып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындайтынына сеніммен қарап, бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылып, қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды алға қойған міндет етіп, сыбайлас жемқорлықпен күресу «Тарбағатай» МҰТП РММ-нің азаматтық борышы деп білеміз!

 

Ғылым,ақпарат және экологиялық мониторинг

бөлімінің басшысы- Ж.Қ.Алемсейтова.

 


Мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі-сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес…

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма жеті жылдай  уақыт өтті.

Өткенімізге көз  салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол - Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мекеме қызметкерлеріне және жаңадан қабылданған қызметкерлерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл» туралы заңымен таныстырылып, сыбайлас жемқорлық көріністері үшін бірінші басшының және басшы орынбасарларына қатаң жауапкершілігі қаралатынын ескертіледі.

КЕРИМТАЕВА ДИАНА

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің


Наше государство, как и многие другие страны мира, ведет целенаправленную работу по предупреждению и предотвращению коррупции. Казахстан – одно из первых государств СНГ, принявших антикоррупционное законодательство и присоединившихся к международным конвенциям по данному вопросу.
     

В настоящее время Закон направлен на защиту прав и свобод граждан, обеспечение национальной безопасности Республики Казахстан от угроз, вытекающих из проявлений коррупции, обеспечение эффективной деятельности государственных органов, должностных и других лиц, выполняющих государственные функции, а также лиц, приравненных к ним, путем предупреждения, выявления, пресечения и раскрытия правонарушений, связанных с коррупцией, устранения их последствий и привлечения виновных к ответственности, определяет основные принципы борьбы с коррупцией, устанавливает виды правонарушений, связанных с коррупцией, а также условия наступления ответственности.

В Республиканском государственном учреждении «Государственный национальный природный парк «Тарбагатай»  сотрудников учреждения а так же вновь принятых на работу  ознакомливают с Законом «О противодействии коррупции» и предупреждают, что за проявления коррупции рассматривается дисциплинарная  ответственность первого руководителя и заместителей руководителя.

 

View the embedded image gallery online at:
http://tarbagatai-park.kz/ru/korruptsiya.html#sigFreeId3e8ffbd6ad