Қазіргі кезде жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың  бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала қоймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аймақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстырып, жақсы және  қолмен істеген жамандықты айыру үшін қажет.

 

Табиғаттың болашақта өзгеру сипаты, адамның шаруашылық әрекетінің  табиғатқа әсері, адамзаттың тағдыры сияқты мәселелер, ғылыми-зерттеу жүргізіп жүрген біз сияқты Ерекше қорғалатын табиғи аумақ қызметкерлерін қатты ойландырады. Мекеменің Ғылыми-зерттеушілерінің жасаған болжамдары: табиғаттың өзгеруіне талдау жасаумен бірге, "болашақта табиғатқа деген адам әрекетінің сипаты қандай болу керек"- жөніндегі құнды материалдарды қамтиды.

 

Ұлттық паркте қызмет етіп жүрген мемлекеттік инспекторлар жыл ан екі ай өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтап қалу үшін еңбек етуде. Сонымен қатар браконьерлермен күресіп, қауіп-қатерге қасқая тұрып, тынбай еңбек етіп жүрген табиғаттың мемлекеттік инспекторларының  қызметке қатысты бар материал, техникамен жасақталып, өмірлері қаншалықты қорғалып отыр, табиғатты  қорғау заңнамасында оларға қатысты қандай нормалар қамтылған?- деген сұраққа сайсақ, берер жауабымыз, ойланар ойымыз салмақты болмақ!

 

Табиғат қорғау қызметкерлерінің жұмысы сырт көзге жеңіл көрінуі мүмкін. Әр жұмыстың қиыншылығы мен қызығы болатындай, біздің жұмыстың қиыншылығы мен қызығы да сол шығыстан шыққан күнмен таласа, батысқа қанаты талып әрең жететін ұзақ күн бойы жалпақ дала, өзен-су, тау -тасты кезіп табиғатты қорғап дала кезетін әр инспектор жұмысын жеңілдік деуге келмес! Өйткені бір күнгі жұмыстан қалыс қалсаң табиғат құбылыстары мен жабайы жануарлар, браконьерлер, заң бұзушылар инспекторлардың уақытымен санасып келіспейді, сондықтан осының бәрін бақылауда ұстау үшін олар жұмысқа күнделікті шығуы керек. Ал күнтізбеде белгіленген мереке мен демалыс күндері олардың жұмысы қауырттана түседі. Яғни, браконьерлер мен демалушы туристтер сол күндері белсене жорыққа шығады. Осылай еңбек ететін, бір күні бір күнімен жалғасқан мемлекеттік инспекторлардың күнделікті жұмысында қиыншылық тудыратын мәселенің бірі - олардың материалдық жабдықтануы. Оған мысал алсақ:- Заңбұзушы немесе браконьер астына заманауи, жылдамдығы жоғары мықты көлікпен жорыққа шығады, яғни кез-келген өзінің тұзаққа түсер сәтінде еш кедергісіз сытылып кетуге сақадай сай болады. Осындай автоколіктерді қуып жету жаяу-жалпы, атпен, мотоцикл, мотороллер, УАЗ, НИВА көліктерімен жүретін мемлекеттік инспекторлар олардың шаңына да ілесе алмайтыны айдан анық.

 

Біздің ұлттық парктің жер аумағы, далалы, таулы-тасты, өзенді географиялық аумақтарда орналасқандықтан, мекеме басшысының осы күнге дейінгі қызмет өтілімде жинаған тәжірибесімен, жер экспликациясы ерекшелігін ескере отырып, қыс мезгілінде мемлекеттік инспекторлардың жұмысын жеңілдету үшін қар көлігімен (снегоход)  қамтамасыз етудің жолын қарастыру бірінші орынды жұмысы болды.

 

Бүгінгі таңда мемлекеттік мекеменің кез-келген жабдығы "Мемлекеттік сатып алу" арқылы жүзеге асатындықтан, оның баға ұсынымы, негіздемесі, қажеттілік жағдайы туралы дәлелдемесін ұсына отырып бірнеше қар көлігіне 2020 жылы қол жеткіздік.

Тарбағатай тауына қыс мезгілінде қар түсімі көп болатындықтан, бұл көлікті игеру арқылы биылғы жылы әр учаскедегі инспекторлардың жұмысы жеңілдеп, алға басты. Бұрын атпен алысқа шаба алмаған инспекторлар, бүгінде таудың кез-келген шатқалы мен ұшар басына қиындықсыз жетіп, тіпті түзі тағы жануарлардың төбесінен қарап тұрып бақылау жасап, қажетті бар деректі нақты тіркеп, ғылыми -зерттеу жұмыстарын да нақтыландырып, шынай негіздендіруде.

 

Парктің  еңбегін ұйымдастыру-жұмыс күшін ұтымды пайдалануды қамтамасыз еткенде еңбегіміздің шарықтау шегі кең болмақ. Күнделікті инспекторлармен жұмысты істету әдісі, оны біріктіру, нормалау, ынталандыру, қызмет көрсетумен, қызметкерлердің мұқтаждықтарын қамтамасыздандыру, еңбек жағдайында толық қамтылуы тиіс. Осылар қамтылғанда еңбектің тиімді, нәтижелілігі мен ғылыми негізделудің дәрежесі қалыптасатынына сенімдіміз.

 

Нәтижелі еңбек ұйымдастыруды жетілдіріп, еңбек өнімділігін арттырып , қызметкерлерге жайлы жағдай жасап, психофизиологиялық, санитарлық және эстетикалық жағдайларын  жақсартқанда қиыншылығы көп жұмысқа табиғатқа деген сүйіспеншілігі бар адам қатары еселене түседі. Оған негіз паркте қызмет етіп отырған инспекторлар қатарының күн өте жұмысқа ынталанып, қызығушылықтарының артуы.

 

Уақыт өте өз еңбектерінен тәжірибе жинап, сабақ алып отырған, ерен еңбекпен қызмет ететін мемлекеттік инспекторлар мүдделі заңмен қорғалатынын да айта кеткім келеді. Ол ҚР Қылмыстық кодексінде көрсетілген 2019  жылғы енгізілген өзгерістер бойынша мемлекеттік инспектордың өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданғаны үшін жауапқа тартылатын да ескерте кеткім келеді.

 

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің басшысы-Алемсейтова Жанылкан Қабиқызы.