Пактің территориясы 6 кластерлік учаскеге бөлінгендіктен орман үлескілері де Тарбағатай тауының мөлшермен 300 км қашықтықты алып жатқан аумақтарында орналасқан.

 

Әр орман шеберлері мен мемлекеттік инспекторлардың атқарып отырған жұмысы ұлттық парк жұмысының негізін қалап отыр. Сондықтан оларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, атқарған жұмыстарын қадағалап ден қою, жұмыстарын дұрыс бағытта ұйымдастыру, жергілікті халықпен дұрыс қарым-қатынаста болуын ықпал ету, сыбайлас-жемқорлық, браконерлік, заң бұзушылық шараларын алдын-алу керектігін айтып сұхбат жүргізу мекеме директорының күнделікті жұмысымның негізі.

 

Осы тақырыптағы әңгімені мекеме директоры Келдімұрат, Көктерек ауылдық округ маңындағы орман учаскесінде жүргізіп, инспекторлардың жұмыс барысында туындайтын қиындық, кедергілері мен қоса Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жұмысын жақсартуда ұсынатын ұсыныстарын тыңдап қайтты.

 

Баспасөз хатшысы-Алемсейтова Жанылкан Қабиқызы