Парк территориясына қатынасты аумағына 2021 жылдың қаңтар айының 26 жұлдызында жұмыс жоспарына сәйкес ғылыми қызметкер, аңшы-биолог маманы, айналым орман шебері мен мемлекеттік инспектролары бірлескен рейд, терио және орнитофаунаны тізімдеу мен қыстық маршруттық санақ жұмыстары жүргізілді. 3 қар көлігімен аралап, автокөлікпен 320 км, қар көлігімен 90 км қашықтық жүріп өтілді. Санақ жұмысына: Рахимбеков А, Қабсаметов Р, Хихматалимов Ф, Жагалбаев Ч, Нурмухаметов Е, Шамшиев Д, Жетпісов Е, Дихамбаев Қ. қатысты. Іс-сапар барысында дүрбі мен қар бетіндегі іздер бойынша жануарлар тізімделіп саналды. Жол бойында кездескен: арқар, қасқыр, түлкі, қоянның іздері. Ал, дүрбі арқылы қазақстан қызыл кітабына енген - қазақстан арқары бақыланды. Жалпы саны – 17 арқар саналды. 26-сы күні ауа температурасы -12oC, желсіз, бұлтты болды.