НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

 

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарауындағы заңды тұлға мәртебесі бар республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтердің мөлшерін бекіту туралы 30.12.2020 жылғы №27-5-6/253 бұйрығына сәйкес, 2021 жылдан бастап «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ ақылы туристік қызмет көрсете алады.

Қазіргі уақытта ұлттық табиғи паркте 4 бекітілген туристік маршрут бар, олар маусым айынан қыркүйек айына  дейін барлық келушілер үшін ашық болады.

Ұлттық парк  аумағында республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізіміне әлі енгізілмеген табиғи және тарихи-мәдени мұраның бірегей объектілері орналасқан.

Туристік-рекреациялық әлеуеті бар негізгі аймақтар: Әлемді шатқалы, Қарабұйрат, Көкөзек, Қазымбет, Бургон, Бақты және Келдімұрат ауылы. Аймақтың негізгі қызметі - бір мезгілде қатаң реттелген туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалану арқылы табиғи кешендер мен қорғау объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету.

 

Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлім басшысының м.а- Хрулёва А.В.