Бүгінгі таңда нағыз патриот – өз елін мақтайтын адам емес, қайта кемшіліктерді көріп, ұнамсыз тұстарды жөндеуге ықпал ететін адам.

 

Сайлау жалпы халықтық іс болып саналады. Біз дағдарыстан мемлекетіміздегі бірлік пен тұрақтылық арқасында өтіп шыға алатынымыз анық.

Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отанның» барлық азаматтарға түсінікті, жайлы сайлау алды науқанының жүргізілуі керектігін айтып өткеніндей, бүгін "Тарбағатай"мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мекемесінің қызметкерлерімен, ШҚО Үржар аудандық штабы бойынша құрылған Nur Otan партия мүшелері үміткерлері сайлау алды кездесулерін өткізіп, партияның ауданымызды дамыту жолындағы 7 басымды бағдарлама жобасымен таныстырып өтті.

 

Үміткерлер «Нұр Отанмен» бірге Қазақстан көп нәрсеге қол жеткізді, біздің партия – бүгін не істеу керек екендігін білетін саяси күш. Біздің терең ойластырылған стратегия және жоспарларымыз бар, біз еліміз тек алға басу үшін қоғамды ұйыстырып, Қазақстанды дамыту мақсатын көздеп отырмыз-деп, осы күнге дейін партияның халық үшін атқарған жұмыстарын атап өтті.

 

Сайлау алды бұқаралық үгіт шараларды жүргізу маңызды, әрбір адамға сөздерін жеткізіп, жұмыстарының мәнін БАҚ мен белсенділер арқылы түсіндіру барша аудан халқы үшін өте қажет.

Осы негізде өз бағдарламалары мен алға қойған мақсаттарын жария ете келген сайлау үміткерлері сөз соңында, өздерін қолдап Nur Otan партиясына бір кісідей дауыс беруге шақырды.

Басымды бағдарлама жобаларымен танысқан біз, партия мүшелеріне алдағы додада тек сәттілік тілейміз!

 

 Баспасөз хатшысы-Алемсейтова Жанылканa