⚜️Қазақстанның алтын ғасырының тағы бір жылы тарих қойнауына еніп барады. Жаңа-2021 төрімізге аяқ басты.  Жаңа жыл – жүріп өткен жолымызға баға беріп, тың қадам жасайтын, рухани серпін беретін, жақсылыққа ұмтылдыратын, жарқын өмірге жол сілтейтін мереке. Өткен 2020 жыл жалпы әлем  үшін қиын да, қыспақты, қайғы мен қасірет орын алдырған сәттері бар, ауыр жыл болғаны баршамызға белгілі. Десек те, жамандық пен жақсылық қатар жүруі заңдылығынан, ауыр жылдан "денсаулықтың", "залалсыз табиғаттың"-адам өміріндегі орны айрықша екенін түсінген әр адам жақсылыққа бет бұрды деп санаймыз. 


⚜️Жаңа жыл – кешегіні саралап, келешекке бағдар жасап, үкілі үмітпен алға қадам басар кезең. Осы күні бір-бірімізге жақсы тілектер арнап, Жаңа жылға жаңа үмітпен қадам басамыз. Келе жатқан жаңа жыл жақсылыққа деген үмітті, мейірімділік жеңісі мен өзара сүйіспеншілікке деген сенімді тудырады. Жаңа жыл жыл бойы аңсап күтетін, үлкендер балаша қуанатын, балалар таңғажайып оқиға күтетін-мереке. Бұл жарқын мереке кеудемізге ертеңгі күннің отын маздатып, жаңа арман, жаңа мақсаттарға жол ашатын үмітті сәт. Ескі жылды шығарып салар сәтте өткенді ой елегінен өткізіп, жақсы жаңалық пен ерекше оқиғаларды еске алып, жылды қорытындылап, жаңа жоспар, алға үлкен мақсат қоямыз. Ескі жылға есеп берсек қыруар жұмыстың басы қайырылып, қол жеткізген жетістіктеріміз де аз емес. Атап айтсақ: ұлттық парктің алдағы уақытта заңды құжатпен қасқайып тұрып жұмыс істеуіне қажетті "Жер орналастыру жұмысы" жүргізіліп, құжаттары заңдастырылды; ұлттық парктің бекітілген 4 туристтік соқпағының жұмысын жүргізу тарифі бекітіліп, 1 туристтік соқпақты абаттандыруға қажетті жабдықтар қамтылды; 2021 де қолданысқа енетін тұқымбақ учаскесінің дайындық жұмыстары жүргізіліп, ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша Y.Y.Yao Қазақстандағы Тарбағатай ұлттық парк аумағындағы Prunus ledebouriana-мен бірге жүретін флора (Schltdl.) тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы мақаласы (Vol.16, No.1, 2021) "Халықаралық биология" журналына жарияланатын болып,  бекітілген ғылыми тақырыптар бойынша 5 ғылыми мақала "eLibrary.Ru" электрондық кітапханасына қосылып,  338- флорамен, 115 құстар түрі тізімделді. Мекеме қызметкерлері толықтай күнделікті қызметтік киіммен қамтамасыз етіліп, есеп бөлімінің маңдай терлі еңбектерінің арқасында, биылғы жылға бөлінген бюджет қаржысы толықтай игерілді.

 

⚜️Құрметті халқымыз! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Жаңа жыл бірлік пен ынтымақ, тұрақтылық, әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын! Жаңа жылда әр шаңыраққа жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілейміз! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!

 

Келер Жаңа жыл халқымызға құт-береке,
бейбітшілік, жанұяларыңызға шаттық әкелсін! Ынтымақ пен бірлік аясында еліміздің одан әрі дамуы жолында бір кісідей еңбек етейік. Мереке құтты болсын!