«Кәсіподақтар туралы» заңның керектігін Мемлекет басшысы Кәсіподақтың бас кеңесінде міндеттеген.  Қабылданған Заң, кәсіподақтар қозғалысын жетілдіруге, уақытқа сай ізденуге, ізгілікке үйренуге ықпал етеді. Еліміздің жаңа индустрияландыру саясатына байланысты экономика әлеуетін жақсартуда мемлекеттік ұлттық парктер де өз үлестерін қосуда. Мемлекеттің гүлденуіне өз үлесін қосып отырған еңбек ұйымдарындағы әлеуметтік базаны нығайтудың қажеттігі орасан зор болып табылады. Осындай әлеуметтік базаны нығайту  ауқымды ісімен жіті айналысатын кәсіподақ ұйымы болып табылады.

 

Ұлттық парк құрылғанда «Кәсіподақ туралы» ұжымдық келісім шарт жобасын дайындау мен оны  ұжымда талқылауда кәсіподақ мүшелері айтарлықтай белсенділік танытқан еді. Қабылданған ұжымдық келісім шарт кәсіподақ ұйымдарының жауапкершілігін арттырып, оның дамуы мен нығаюына жол ашты. Баршамызға белгілі «Мәңгілік Ел» болуға ниетті Отанымыздың еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықтың сақталуына кәсіподақ ұйымы жаңа серпіліс беруде. Қандай ұйымда болса да, алға қойған мақсаты, айқын міндеті, әсіресе "жұрт қызметшісі" саналатын кәсіподақ ұйымдары, тәуелсіздіктің тұғырын биіктетіп, мемлекет мерейін асыру, татулықтың тағылымын таныту, береке бастауы бірлік екенін түсініп, түйсініп келеміз.

 

Мекеменің жыл көлемінде аталып өтетін мерекелерімен қатар, жылдан жылға жалғасын тауып келе жатқан Жаңа жыл мерекесі де жақындауда. Осыған орай мекеменің кәсіподақ ұйымы мүшелері мекеме қызметкерлеріне Жаңа жылдық "тәтті сый қалташасын" әзірлеп, Жаңа жылға жақсы, ізгі ниет тілектерін білдіріп, табыс етті.

 

Баспасөз хатшысы-Жанылкан Алемсейтова