2020 жылы БҰҰ биоалуантүрлілікті сақтау жобасы шеңберінде Басқару жоспарларын әзірлеу әдістемесі жаңартылған.

 

Осыған байланысты, БҰҰ Даму бағдарламасының биоалуантүрлілік саласындағы жобасы шеңберінде, биыл 16 жобалық таиғатты қорғау мекемелерінің Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының Басқару жоспарларын жаңартылған әдістеме бойынша дайындау жұмыстары басталды.

 

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін тәуелсіз сарапшылар мен мамандардан тұратын сарапшылар тобы құрылған. Бүгін осы тақырып өзегінде ZOOM формат бағдарламасы арқылы мекеме қызметкерлерінің қатысуымен онлайн вебинары өтті.

 

Баспасөз хатшысы-Жанылкан Алемсейтова