Осы аптада табиғи кешендер мен обьектілерді өсіру және орманды қалпына келтіру бөлім басшысы мен қызметкерлері, Қарабұлақ ауылдық округі маңайынан тұқымбақ жайластыруға алған 10 га жердің, 3 гектар жерін қоршау мақсатында ағаш діндерінен бағаналар дайындалып, қазылған жерлерге орнатылды.

Жұмысқа мемлекеттік инспекторлар мен орман шеберлері жұмылдырылды. Мекеме техникасын қолдана отырып, келер жылдың қамын биыл ойлап, жоспарланған жұмыстар қолға алынуда. Келешекте бұл тұқымбақта жеміс-жидек, көгалдандыруға арналған көшеттерді өсіру жоспарымызда бар.

баспасөз хатшысы-Жанылкан Алемсейтова