Құрғақ және ыстық ауа райына байланысты өрттің болуы қауіптілігі неғұрлым жоғарылайды. Ауа райының ысып кетуі салдарынан табиғат аясында демалушылардың отты абайсыз қолдануы және басқа да жағдайдың,  өрттердің алдын-алу шаралары ұйымдастырылады.

Өткен жылға талдау жұмыстары қорытындысы көрсеткендей, жаз кезеңінде өрт қауіптілігі орын алу маусымында, құрғақшылық маусым болса, өрттердің болуы қатері өседі. Қатерлерді орманды, дала алқаптарда өрттердің себептері әртүрлі:демалыс орнында қараусыз жағылған күйінде қалдырылған от шоғы, сөндірмей тастап кеткен темекі тұқылы, майланған, тез жанғыш заттарды және қоқысты қалдырып кету себептерінен туындайды.

Табиғатта өрттің себепкері болмас үшін жас ағаштың қылқан жапырақтарының, бүлінген орман учаскелерінің, шымтезекті батпақтың маңында, қурап қалған шөп орнында, ағаштардың астында отты жақпау керек. Отты тек қана арнайы белгіленген орындарда жағып, орманнан, дала алқабынан, демалыс орындарынан кеткен кезде от ты толық сөндіріп, топырақпен көміп немесе үстінен су құйып, жанғыш заттарды, қоқысты, сөндірілмеген темекі тұқылын тастамау керек.

Құрметті аудан тұрғындары! Жоғарыда аталып өткен кез-келген себеп өрттің болу қаупіне себеп болатынын ескере келе қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелеріне немқұрайлы қарамай, табиғат аясында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар.

Орман және дала алқаптарында кез келген алқаптың немесе орманның жануын байқаған кезде оны сөндіруге кірісу қажет, егер өз күшіңізбен сөндіру мүмкін болмаса, өрт шыққан учаскеге қарасты ауылдық округке, мемлекеттік ұлттық парктің мемлекеттік инспекторларына, ауданның  орман өрт сөндіру мекемесіне және полицияға хабарлау керек.

 

 

                                               «Тарбағатай»  МҰТП  РММ-нің

                                               ТКОҚ бөлімінің орман қорғау инженері

                                                      Мұрат Малгельдинов.