1. Парк аумағында қандай шаруашылыққа рұқсат етіледі?

Шектеулi мал жаю, марал өсiру, шөп шабу, саңырауқұлақтарды, жемiстер мен жидектердi әуесқойлық мақсатта жинау;

  1. Мемлекеттік парк аумағында отын кесу немесе отындық дайындау қалай жүргізіледі?

Парк аумағында отынды кесу немесе отындық дайындау «орман билетін»  сатып алу арқылы жүзеге асады.

  1. Парк территориясында балық аулауға рұқсат етіле ме?
  2. Әуесқой балық аулауға және балық өсіруге;
  3. Мелиорациялық балық аулау;
  4. Ғылыми зерттеу бағытта балық аулау;
  5. Өсімін молайту мақсатында аулау.

 

  1. Мемлекеттік парк аумағында омарта шаруашылығы қалай  жүргізіледі?

Көшпелі және стационарлық омарталар пайдалана отырып, омарта шаруашылығы;

 

  1. Мемлекеттік парк аумағында қандай жұмыстар жүргізуге рұқсат етілмейді?
  • мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге;
  • ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздері мен рельефке төгуге;
  • Пайдалы қазбалар өндіруге;
  • Аң аулауға;
  • Радио активті материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге;
  • Мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуі мүмкін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететін басқа да объектілер салуға);
  • Жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің бөтен түрлері нинтродукциялауға;
  • Мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін.Басқа да қызметке тыйым салынады.