"Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық
табиғи паркі" РММ
ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінен
Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің функциялары:
- Парк еншісіндегі аймақтың флора және фауна әлеміне түгендеу жүргізеді;
- ЕҚТА-бөлімі мемлекеттік инспекторларымен бірлесе МҰТП жануарлар әлеміне санақ жүргізеді;
- Бірегей табиғи кешендердің және қорғау объектілерінің,оның ішінде флораның және фаунаның сирек кездесетін және эндемикалық түрлерінің, сирек кездесетін өсімдіктер қоғамдастықтарының мекендеу орындарын анықтау;
- Парк еншісіндегі аймақтың айқындаушы функциясы – табиғи процестерді, биологиялық әртүрліліктің типтік және бірегей экологиялық жүйелерін және өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің генетикалық қорын табиғи жағдайда қорғау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- Жануарлар мен өсімдіктердің жаңа түрлерін интродукциялау, жануарлардың жекелеген түрлерінің санын алқаптардың рұқсат етілген табиғи сыйымдылығынан жоғары ұлғайту жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
- Жануарлар мен өсімдіктердің жаңа түрлерін интродукциялау,жануарлардың жекелеген түрлерінің санын алқаптардың рұқсат етілген табиғи сыйымдылығынан жоғары ұлғайту жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
- коллекциялық материалдарды жинайды, парк коллекциясын қалыптастырады, өңдейді, толықтырады;
- зиянкестер, өсімдіктер мен жануарлар ауруларымен күресу;
- қорғалатын ландшафтардың табиғи келбетінің өзгеруіне, экологиялық жүйелердің орнықтылығының бұзылуына, ерекше құнды табиғи ресурстарды сақтау мен молайтуға әкелетін жағдайларды ескертеді;
- Тіркелген деректер негізінде ауа-райы климаттық жағдайларды қорыта отырып, табиғат жылнамасы кітабын жасайды;
- Таңдалған тақырып негізінде ғылыми зерттеулер жүргізеді және нәтижелерін қорытады;
- Жүргізілген Ғылыми жұмыс нәтижелерін БАҚ-та жариялап, баспаға шығару материалдарын дайындайды.