БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫМЕН ЖҰМЫС.

 

БАҚ-пен  ынтымақтастық аясында табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімі  журналистерге Орман ағаштарын қорғау шаралары, заңсыз аң , құстарды аулау, браконерлермен күрес, өрт қауіпсіздігі туралы ақпараттарды ұсынады.

 

БІРЛЕСКЕН ЖОСПАРЛЫ РЕЙДТЕР.

 

Үржар АІІБ-мен, 2086 әскери бөлімімен, "ӨС және АҚЖҚ" ММ-мен, табиғатты қорғау полициясымен, ШҚО, Үржар ауданының ТЖД-мен бірлескен жоспарлы рейдтер жүргізеді;

 

ЖАБАЙЫ АҢДАРҒА САНАҚ ЖҮРГІЗУ.

 

1 ақпаннан 31 наурызға дейін жабайы жануарлардың қысқы есебін жүргізеді, жабайы жануарлардың есебі 1 қыркүйектен 31 қарашаға дейін жүргізіледі, сондай-ақ Арқарлы, Қарабас және Тарбағатай таулары бойынша өтетін тұяқты жабайы жануарлардың (арқар, елік, қабан) көктемгі және күзгі көші-қон есебін жүргізеді.

 

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ ШАРАЛАРЫ.

 

Өрт қауіпсіздігін сақтауға байланысты, жолдар жөнделіп, минералды жолақтар жүргізіледі, МҰТП аумағында орналасқан шаруа қожалықтарымен келісім-шарттар жасалады және жақын елді-мекендерде үгіт-насихат жұмыстары өткізіліп (кітапшалар таратылады, аншлагтар, паннолалар орналастырылады), өрт қауіпті маусымдарда (сәуір-қараша) кезекшіліктер ұйымдастырылып тұрады. Өртке қарсы мақсаттағы  жолдарды жөндеу; Өртке қарсы минералды жолақтарды жүргізу; Орман және дала өртін сөндіру бойынша оқу—жаттығулар өткізу

 

WEB AП ЖҮЙЕСІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ.

 

Web AG жүйесіне әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасын енгізеді.

 

АЙНАЛЫМДАРДЫ ШОЛЫП ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ.

 

Көктемгі және күзгі аралау бойынша жұмыстардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады.

 

ЕҚТА АУМАҚТАРДА МАЛ ЖАЮ ЕРЕЖЕЛЕРІ.

 

Орман қоры жерлерінде мал жаю ережелерінің сақталуын қадағалау.

 

ТАБИҒИ КЕШЕНДЕР МЕН ОБЪЕКТІЛЕРДІ ҚОРҒАУ БӨЛІМНІҢ ҚЫЗМЕТІ

 

Табиғатты қорғау, ЕҚТА аумағында болып жатқан құқық бұзушылықтардың алдын алу.